Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Михаил Ильич Бородулин"
ш (««СКА» Свердловск ХК хоккейшілері» деген санатты аластады; «[[Санат:СКА (Свердловск) ХК хоккейшіл) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
| |
19:06, 2026 ж. маусымның 25 кезіндегі нұсқасы
Үлгі:Хоккейші Михаил Ильич Бородулин (8 шілде 1967, Өскемен, Қазақ КСР — 22 желтоқсан 2003, Магнитогорск, Ресей) — Қазақстандық хоккейші, шабуылшы. Өскемен қаласының хоккей клубының ұзақ мерзімді төрағасы — Илья Васильевич Бородулиннің ұлы және әйгілі хоккейші, қақпашы Владимир Бородулиннің бауыры.
Өмірбаяны
Өскемен шайбалы хоккейінің тәрбиеленушісі, бірінші жаттықтырушысы - Владимир Решетников. 1994 жылға дейін өскемендік «Торпедода» ойнады, содан соң магнитогорсктік «Металлургке» ауысты. Аты аңызға айналған «Магниткада» 90-жылдардың аяғында көшбасшылардың бірі және команда капитаны болды. Ресей чемпионы атанып, командасымен бірге Еуролигада жеңіске жетті. Наганодағы (Жапония) 1998 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының ширек финалына шыққан Қазақстан құрамасында болды.
Хоккей мансабын 2000 жылы аяқтады, содан кейін кәсіпкерлікпен айналысты.
2003 жылдың желтоқсанында өкпе қатерлі ісігінен қайтыс болды. Магнитогорскіде Правобережное зиратында жерленген.
Жетістіктері
- 1993: Қазақстан чемпионы
- 1994: Қазақстан чемпионы
- 1995: Ресей чемпионатының қола жүлдегері.
- 1998: Наганодағы (Жапония) Қысқы Олимпиада ойындарының Қазақстан құрамасының құрамында ширек финалисті.
- 1998: Ресейдің вице-чемпионы және Ресей кубогының иегері.
- 1999: Ресей чемпионы және Еуролига чемпионы.
Сілтеме
- Михаил Бородулин The Internet Hockey Database статистикасында Үлгі:Ref-en
- Михаил Бородулин European Ice Hockey Online AB статистикасында Үлгі:Ref-en