Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Артур Гаврилович Шушеначев"
(+Санат:Сочи ФК ойыншылары; +Санат:Ақтөбе ФК ойыншылары (HotCat құралының көмегімен)) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
| |
19:06, 2026 ж. маусымның 25 кезіндегі нұсқасы
Үлгі:Футболшы Артур Гаврилович Шушеначев (7 сәуір 1998<ref>Тransfermarkt.com</ref>, Үлгі:Туғанжері, Қазақстан) — қазақстандық футболшы, Қазақстан Ұлттық футбол құрамасы мен "Ақтөбе" клубының шабуылшысы.
Карьерасы
Клубтық
Тараз футболының түлегі. 2015 жылы "Тараздың" негізгі клубына қабылданғанымен алаңға шықпай, қосалқы құрамда қалды. Есесіне команданың фарм клубы сапында екінші лигада ойнады.
2017 жылы "Қайратқа" ауысты. 26 тамызда "Жетісуға" қарсы ойында тұңғыш рет чемпионатта алаңға шықты. Сол маусымда "Қайрат Жастар" клубында да ойнады. 2019 жылы 19 қарашада "Тобыл" қақпасына премьер лигадағы тұңғыш голын енгізді.
2020 жылы клубтың негізгі ойыншысына айналды.
2021 жылы 12 тамызда еурокубоктердегі тұңғыш голын сырт алаңда "Алашкерт" қақпасына енгізді, бұл УЕФА Еуропа лигасы болатын. 19, 26 тамыз күндері "Фола" қақпасына үш гол соқты (УЕФА Конференциялар лигасы).
Ұлттық құрама
Қазақстанның 19, 21 жастағы құрамаларында ойнады. Негізгі құрамдағы алғашқы ойындарын 2021 жылы қыркүйекте ӘЧ-2022 іріктеуінде Украина, Финляндия, Босния және Герцеговина құрамаларына қарсы өткізді.
Жетістіктері
- Қазақстан чемпионы: 2020
- Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 2017, 2018, 2019
- Қазақстан кубогы: 2017, 2018, 2021