Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Борис Викторович Александров"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

19:05, 2026 ж. маусымның 25 кезіндегі нұсқасы

Үлгі:Хоккейші Борис Викторович Александров (13 қараша 1955, Өскемен31 шілде 2002<ref>Борис Александровты еске алу Үлгі:Webarchive</ref>, Ресей) — кеңестік және қазақстандық хоккейші және жаттықтырушы. КСРО-ның халықаралық спорт шебері (1976). Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы әрі қайраткері.

Өмірбаяны

Ойыншы мансабы

Ол хоккейге алғашқы қадамын аулада бастады. 1969 жылы Өскеменде мұзды спорт сарайы ашылды. Александров жаттықтырушы Юрий Тарховпен 1954 ж. т. тобында жаттыға бастады. 16 жасында Борис жергілікті «Торпедоның» негізгі командасының ойындарына қатыса бастады. 1973 жылы наурызда ЦСКА Өскеменге жолдастық кездесулерге келді, сол кезде Александров армияның ойын жаттықтырушысы Анатолий Фирсовқа әсер қалдырды. Жазда ол клубқа шақыру алып, Мәскеуге көшті. Негізінен ол Владимир Викулов және Виктор Жлуктов тобымен бірге алаңға шығатын.

1974 және 1975 жылдардағы алғашқы ресми емес жастар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы. 1975 жылы 11 қарашада Чехословакиямен матчта КСРО-ның негізгі құрамасында дебютке шықты. 1976 жылы ақпанда Инсбрукте ол Олимпиада чемпионы болды.

1976 жылы Канада Кубогына КСРО құрама командасының құрамында қатысты. 1975 - 76 жж. ЦСКА құрамында ол НХЛ клубтарымен супер серияға қатысты. 1975 жылы 31 желтоқсанда Монреалда өткен жаңа жылдық ойында «Монреал Канадиенспен» (3:3) есепті теңестірді.

Владислав Третьяктың естелігінен<ref>Үлгі:Кітап</ref>: Үлгі:Cquote

1977 жылы Виктор Тихонов ЦСКА мен КСРО құрамасының бас бапкері болып тағайындалды. Александров Тихоновтың ол үшін сөзсіз авторитет емес екенін жасырмады. Жаттықтырушыға хоккейшінің мінезі мен режимді жиі бұзуы ұнамады.

Тихонов шиеленіс жайлы<ref>Үлгі:Кітап</ref>: Үлгі:Cquote

1977 жылы 7 ақпанда ЦСКА - «Спартак» матчында Александров ешқандай ойынның қажетінсіз спартактық ойыншы Валентин Гуреевті бортына итеріп жіберді, нәтижесінде ол бас сүйек-ми зақымын алып, ауруханаға түсті. 9 ақпанда «Советский спорт» басылымы Дмитрий Рыжковтың Александров туралы «Арттан соққы» деген жойқын мақаласын жариялады. Хоккейші маусымның соңына дейін шартты түрде шеттетілді. 1977/78 маусымда армия командасының жаңа жаттықтырушысы В.В. Тихонов Александровты ЦСКА-ның негізгі құрамынан жиі шығарып, оны жастар құрамасына жаттығуға жіберетін. Хоккейші бұл жанжалдың нәтижесі жайлы естелігінен<ref>Үлгі:Мақала</ref>: Үлгі:Cquote

Александровпен КСРО құрама командасында жұмыс істеген Борис Кулагин ЦСКА басшылығымен әскерден босату туралы келісіп, оны Мәскеудің «Спартагына» шақырды. Бірінші маусымда Виктор Шалимов және Аркадий Рудаков Александровпен бірге ойнаған үштік «Үш бомбардир» сыйлығын алды. Содан кейін ода тәртіпке байланысты мәселелер және жаттықтырушылармен жанжал басталды. 1981/1982 жылдар маусымын Александров ауыр жарақат - сыныққа байланысты барлығын өткізіп алды.

Осы уақытта өскемендік «Торпедоны» ойын мансабын енді аяқтаған Виктор Семыкин басқарды. Александров өз үйіне оралу туралы ұсынысына келісіп, «Торпедо» сапында алты маусым өткізді. Онымен бірге команда бірінші лиганың орташадан КСРО-ның жоғары лигасына жол ашты. Үштік Борис Александров - Андрей Соловьев - Игорь Кузнецов әлі күнге дейін Өскемен шайбалы хоккей тарихындағы ең мықтысы болып саналады.

1987/1988 жылғы маусымда Александров Игорь Кузнецовпен бірге «Советский воин» журналының «Шабуыл серісі» сыйлығына ие болды (ең көп хет-трик жасағаны үшін, 3+3).

Мансабын Еуропада аяқтады, онда Италия мен Венгрияда ойнады.

Хоккейден кеткеннен кейін ол Мәскеуге орналасты, өзінің жеке бизнесін (ТҚКС) ашты. Ол бос уақытында аттас тауар биржасына кіретін<ref>Дмитрий Стерлигов — «Алиса» биржасының бірге иемденуші // "Хоккей" апталығы, 1991, №24</ref> «Алиса» (Мәскеу) студенттер командасында, сондай-ақ «Ресей жұлдыздары» ардагерлер командасында ойнады. 1994 жылы ол «Торпедоға» тағыда оралып, ойыншы-жаттықтырушы болды ретінде қатысты.

КСРО және ЖХЛ чемпионаттарында ол 400 матчқа қатысып, 177 гол салған.

Жетістіктері

  • Инсбрук 1976 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы (3 ойын, 2 шайба).
  • КСРО чемпионы 1975, 1977, 1978, ЦСКА құрамында 1974, 1976 мен «Спартак» (Мәскеу) құрамында 1981 КСРО чемпионаттарының күміс жүлдегері. «Спартак» (Мәскеу) құрамында 1980 ж. КСРО чемпионатының қола жүлдегері.
  • 1978 жылғы КСРО Кубогының финалисті.
  • 76-Канада кубогының мүшесі (5 ойын, 2 шайба).
  • КСРО құрамасында (1975-77) - 19 матч, 4 шайба. Қазақстан құрамасында (1995) - 4 матч, 2 шайба.

Бапкерлік мансабы

Өскемен педагогикалық институтын бітірген (1978), мұғалім.

1995/96 маусымда «Торпедоның» (Өскемен) бас бапкері болып тағайындалды және Қазақстан құрамасын басқарды. Өскемендегі «Торпедо» ойыншыларынан құралған елдің негізгі командасы оның жетекшілігімен ең үлкен жетістікке 1998 жылы А тобында ойнау құқығын жеңіп алған Нагано Олимпиадасында (5 орын) жетті.

2002 жылдың шілдесіне дейін ол өскемендік «Қазмырыш-Торпедо» командасы мен Қазақстан құрамасының бас бапкері болды.

Дүниеден өтуі

2002 жылы 31 шілдеде 47 жасында Усть-Катав қаласының маңында (Үфі-Челябі тас жолында) жол апатынан қайтыс болды. Қайғылы оқиға болған жерде Александровтың фотосуреті бар хоккей шайбасы түріндегі ескерткіш тұр. Мәскеудің Митинский зиратында жерленді.

Жеке өмірі

Бірінші әйелі - Николай Крючковтың қызы, Елвира Крючкова. Осы некеден қыз – Екатерина туды.

Екінші әйелі - Жанна Вараздатқызы. Ұлдары - Алан (1980-2004, жол апатынан қайтыс болды) және Виктор (1985) - хоккейшілер.

Қызы — Валерия Борисовна Соловарова (2001).

Естелік

Әдебиет

Сілтеме

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер