Өңір

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Өңір - ұлттық сән-әшекейлерінің бірі. Омырауға тағуға ыңғайланып, жоғарғы жағы ойық, етек жағы дөңгелек болып келеді. Ені 20 см, ұзындығы 23 - 25 см шамасында болады. Оны көбіне-се үлкен әжелерге көйлекпен қоса сыйлайды. Ондай үлкен кісілерге арналған өңір түрлі-түсті матадан, жібектен, қамқадан тігіледі де, оған күміспен сабақталған асыл тасты түймелер немесе көзіне асыл тас салынған жүзік тағады. Ерте кезде қыз ұзатқан ата-ана күйеу баласының әкесіне ішік киғізсе, шешесіне арнап жібек көйлек пен осындай өңір беретін болған. Өңірдің қыз-келіншектер тағатын түрі тамақша деп аталады. Оның өңірге жалғаса тігілген, биіктігі 3 - 4 см желкеден түймеленетін бітеу жағасы болады. Өңірдің айнала жиегіне оқашашақ ұстайды. Оған үкіаяқ, т.б. алтын-күміс әшекейлер тағады.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті Үлгі:Wikify