Әубәкіров Кәрібай
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ӘУБӘКІРОВ Кәрібай Өкпенұлы (1930, Бурабай ауданы Көрнекты а. — 2000, сонда) — еңбек ардагері. ҚазКСР Халыққа білім беру ісінің үздігі (1963). Көкшетау пед. уч-щесін бітірген (1951). Көрнекті а-нда мұғалім, бастауыш мектептің меңгерушісі болған. 50 жыл педагогика саласында аянбай еткен еңбегі үшін Ә-ке өзі оқытып, тәрбиелеген шәкірттері «Алтын қоңырау» сыйлаған. Ә. ауылдық, аудандық кеңестің депутаты болып сайланған. Медальмен марапатталған.