Әлия Мұфтаққызы Жантикина
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Әлия Мұфтаққызы Жантикина (24. 10. 1955 жылы туған, Алматы қаласы) — тіл білімі маманы, филология ғылыми кандидаты (1989).
- Алматы шеттілдер институтын бітірген (1976).
- 1976—1979 жылдары осы институттың оқытушысы.
- 1979—1982 жылдары аспирантурада оқыды.
- 1982—1992 жылдары Қазақ мемлекеттік а. ш. интында оқытушы.
- 1992 жылы бастап осы күнге дейін Алматыдағы халықаралық мектепте аудармашы болып қызмет істейді.
Профессор Ә. Хасеновтың жетекшілігімен "Қазақтың лексика-фразеологиясының орыс тіліндегі аудармасының ұлттық реңкі" деген тақырыпта кандидаттық диссертацияны қорғады. 10-ға жуық еңбек жариялады.<ref>Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3</ref>
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Wikify