Ұйғыр тілі

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Ұйғыр тілі (ئۇيغۇر تىلى, Уйғур тили, Uyghur tili / ئۇيغۇرچە, Уйғурчә, Uyghurche) басым көпшілігі ҚХР-ның Шыңжаң Ұйғыр аутономиялық ауданында (саны 6280 мың), аз бөлігі Қазақстан мен Орта Азияда түратын ұйғыр халқының ұлттық, әдеби тілі. ТМД елдеріндегі ұйғырлар саны — 262 199 адам (1989). Ұйғырлар — шығыс мәдениетінің дамуына үлкен үлес қосқан халық. Ұйғыр тілі солтүстік-батыс (орталық), оңтүстік (хотан), шығыс (лобнор) диапектілеріне, ол кеңестік ұйғырлар тілі орталық диалектіге енетін Жетісу және Ферғана говорларына бөлінеді. Шығыс Түркістан ұйғырлары араб әліпбиін, ТМД елдері ұйғырлары орыс әліпбиін пайдаланады. Лобнор тілі — Шығыс Түркістанның Қашғар жазығындағы Лобнор көлінің батыс жағын мекендейтін түркі ұлысының ұйғыр тіліне жақын сөйлеу тілі. Лобнорлар екі мыңдай ғана адам.<ref>Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақала

Үлгі:Алтай тілдері Үлгі:Түркі тілдері