Ұзынарал бұғазы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Ұзынарал – Балқаш көлінің орта бөлігіндегі бұғаз.
Географиялық орны мен сипаты
Сарыесік түбегі (Алматы облысы) мен Балқаш көлінің солтүстік жағалауы (Қарағанды облысы) аралығында орналасқан. Ұзындығы 14 км, ені 4 км.<ref>АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5</ref>