Үстеп қоректендіру

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үстеп қоректендіру — аз уақыт ішінде сапасы жоғары мал өнімдерін (ет, сүт, жүн) алуды қамтамасыз ету үшін мал шаруашылығында қолданылатын зоотехнологиялық шара. Ол үшін малға (ірі қара, шошқа, қой, тауық, т.б.) күнделікті берілетін азық мөлшерін 20 — 25%-ға арттырып, оған балауса шөп, сүрлем, қызылша қалдығын, белокты-минералды витаминдер, тұз, бор, т.б. үстемелеп қосады. Үстеп қоректендіру көбінесе мал бордақылау кезінде кеңінен қолданылады.

Сілтемелер

"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том


Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Wikify