Үлкен Ноғай Ордасы
Үлгі:Тарихи мемлекеттер Үлкен Ноғай Ордасы, кейде Үлкен ноғайлар (орыс. Большая Ногайская Орда, Большие ногаи) — XVI ғасырдың II-жартысында Ноғай ордасының ыдырауы нәтижесінде құрылған мемлекеттік бірлестік. 1634 жылы Үлкен Орданың ноғайлары Кіші ноғайлар көшіп-қонып жүрген Еділдің оң жағалауына қарай жылжыды.
Тарихы
Үлкен Ноғай ордасы Еділ өзеннің Каспий теңізіне құятын төменгі ағысының сол жағалауынан Жайық өзеніне дейінгі аралықта көшіп-қонып жүрген ұлыстардан құрылған. Үлкен ноғайлардың билеушілері өздерінің Мәскеу мемлекетіне тәуелділігін бірнеше рет мойындады (1555 — 63, 1564, 1567).
1577 жылы Орда астанасы Сарайшықты кәніз Серебрянның орыс әскері алды. Шексіз ішкі аласапыран Ордаға тәуелсіз құрылым ретінде нүкте қойды. Трепавлов В. В. үш қиыншылықты және Орда азабын ажыратады<ref>Үлгі:Кітап</ref>. Әрине, Ноғай Ордасының қарсыластары мемлекеттің әлсіздігін пайдаланып қалмай отырмады.
1600 жылы Борис Годунов патша Үлкен ноғайлардың тәуелділігін ресми түрде бекітіп, Естерек (Иштерек) мырзаға кәніз атағын берді.
XVII ғасырдың бас кезінде Үлкен Ноғай ордасы бір жағынан Мәскеу мемлекетінің, екінші жағынан Еділ бойына қоныстанып қалуға тырысқан қалмақ тайпаларының қысымына ұшырады. 1634 жылы қалмақтардың кезекті шабуылынан кейін Үлкен Ноғай ордасы ыдырап кетті. Үлкен ноғайлардың бір бөлігі Жайық өзенінен өтіп, қазақ, қарақалпақ халықтарына келіп қосылды, қалғандары Еділ өзенінің оң жағалауына қоныс аударып, Кіші ноғайлармен бірге көшіп-қонды.
Сайып келгенде, ноғайлар Солтүстік Кавказға қоныс аударды.
Үлкен Ноғай Ордасының билеушілері
- Дін-Ахмет би, Исмаил бидің ұлы (1563–1578 би)
- Ұрыс би, Исмаил бидің ұлы(1563–1578 нұраддин, 1578–1590 би)
- Дінбай мырза,Исмаил бидің ұлы (1578–1584 нұраддин)
- Сейіт-Ахмет мырза, Мұхаммед-Мырза ұлы (1584–1587 нұраддин)
- Ораз-Мұхаммед би, Дiн-Ахмед би ұлы (1584–1590 кековат, 1590–1598 би)
- Дін-Мұхаммед би, Дiн-Ахмед би ұлы (1590–1598 нұраддин, 1598–1600 би)
- Естерек би, Дiн-Ахмед би ұлы (1598–1600 нұраддин, 1600–1619 би)
- Күшік мырза, Дiн-Ахмед би ұлы (1600–1604 нұраддин)
- Жас-Тарақ мырза, Күшік мырза ұлы (1600–1619 кековат)
- Шай-Тарақ мырза, Күшік мырза ұлы(1604–1619 нұраддин)
- Қаракел-Мұхаммед мырза, Ораз-Мұхаммед би ұлы(1604–1622 кековат, 1622–1631 нұраддин)
- Қанай би, Дінбай мырза ұлы (1622–1634 би)