Үлек құдығы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

ҮлекМаңғыстау облысы, Түпқараған ауданындағы құдық, ескі қорым да бар. Үлек сөзі "нар түйенің таза тұқымды бурасы" деген мағынаны береді.<ref>Үлгі:Кітап</ref> Маңғыстау түйелі өлке болғандықтан, әлдебір биіктікті үлекке теңеп метафоралық атау жасалуы немесе үлекке байланысты бір оқиғаға орай Үлек топонимі туған деуге болады.<ref>Үлгі:Кітап</ref>

Ел аузында, осында Үлек әулие жатыр делінсе, келесі бір аңыз дерегінде, қорым аты үлек малымен байланыстырылады. «Осы алқапты түрікменнің атақты байы мекен етеді. Оның ондаған табын түйесі болады. Бай түйе тұқымын асылдандырмақ болып, Иран елінен үлек алдырады. Бір жылы қаңтар айында жараған кезде үлек алыстан аттылы адамды көріп, соған қарай желе жөнеледі. Талшыбықтай жарап, қатқан қайыстай тартылып тұрған Үлек қойсын ба, көзді ашып-жұмғанша жетіп келеді. Он метрдей басын жерге салып, екі жағына теңселе жақындаған да, бұзау тіс отыз екі өрме дойырмен қарақұстан қойып жібереді. Сол кезде үлек екпінімен атқа соққанда, ат та ұшады, үстіндегі жігіт те ұшады. Бірнеше күннен кейін ғана байдың іздеушілері жайрап жатқан үш өліктің үстінен шығады. Үшеуін де сол жерге қаз-қатар көмген екен. Кейін әрлі-бері жүрген адамға үлек көрінеді».<ref>Үлгі:Кітап</ref>

Атаудың сөзжасамдық сипаты

Үлек атауы да көне үл (су) +ек (ағу етістігінің өзгерген формасы болуы мүмкін), сонда атау «аққан су» мағынасын береді. Фоносемантикалық тұрғыдан қарағанда «су», «өзен» мағыналары и және у дыбыстары арқылы және олардың (ус, су, уда, йу (ю), и, а, йыл (иль, ыл, ел, жыл, іл, йол, уол, ул т.б.), юг, (юган, ек, ег, йога, ұйы, оек, екка), ул (ол, хол/хул, джуль/жуль, чуль, шул, ула т.б.) формалары арқылы берілген.<ref>Үлгі:Кітап</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер