Құрғақты өзені
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Құрғақты, Қызылжар – Ойыл алабындағы өзен.
Географиялық орны
Ақтөбе облысы Ойыл ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 58 км.
Бастауы
Бастауын Қаратау төбесінің шығыс бөлігіндегі жарқабақты жырадағы бұлақтардан алып, Ащыойыл өзеніне оң жағынан құяды.
Гидрологиясы
Жоғарғы бөлігінде арнасы сайлы-жыралы. Жыралардың биіктігі 10 м-ге дейін жетеді. Төменгі ағысы Барқын құмының етегімен өтеді. Жағалауында өзімен аттас қыстау бар. Жауын-шашын және жер асты суларымен толығады. Көктемде суы тасиды. Ағынды суы көктемдегі қар еру кезінде 10-15 күнге созылып, жазда қарасуларға бөлініп қалады.<ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref>