Қызылқорған (бекініс, Түркістан облысы)

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Көне қалашық Үлгі:Мағына Қызылқорған – ортағасырлық бекініс орны, Түркістан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археология ескерткіші.

Орналасқан жері

Созақ ауданы, Шу өзенінің төменгі ағысында, Ұланбел сайында орналасқан.

Сипаты

1948 жылы Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі А.Н. Бернштам) зерттеген.
Бернштамның пікірінше, Қызылқорған бекініс орны XIX ғасырда керуен сарай қызметін атқарған. Шу арқылы Сарысу бойымен Орталық Қазақстанға апаратын сауда жолында маңызды байланыс бекеттері болған тәрізді. Ауданы 32×32 м, биіктігі 2 м төрт бұрышты төбе. Оны айналдыра қазылған ордың ені 4 м, тереңдігі 0,5 м. Бекінісінің ауданы 35×35 м, биіктігі 2 м. Сыртынан айналдыра қоршаған ордың ені 3-6 м, тереңдгі 1 м шамасында.<ref> Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы</ref><ref>Қ 18 Қазақстан тарихы. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2006. – 768 б.ІSВN 9965-26-175-Х</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер