Қоқай
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Көл Қоқай – Нұра алабындағы ағынды көл.
Географиялық орны
Ақмола облысының, Қорғалжын ауданы жерінде орналасқан. Ауданның батыс бөлігінде, Теңіз көлінің шығысында, Асаубалық пен Сұлтангелді көлдерінің аралығында.
Гидрографикасы
Теңіз деңгейінен 307,5 м биіктікте орналасқан. Ауданы 24 км2, ұзындығы 8,1 км, ең енді жері 4,5 км. Көлді Нұра өзені жарып ағады. Суы тұщы. Жағасы – жайылым, шабындық.
Жағалау сипаты
Көлдің солтүстік-шығыс жағалауы аласа төбешікті, басқа бөліктері жатық, түйетайлы, жазыққа ұласады. Пішіні күрделі, жағалауы аз тілімденген. Желтоқсанда суы қатып, сәуірде ериді. Көлге Нұра өзені құяды. Суында мөңке, оңғақ, нәлім, алабұға, шортан, т.б. балықтар мекендейді. Оңтүстік жағалауы батпақты, қамысты келген.Үлгі:Stub