Қошқарбасы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Шөл

ҚошқарбасыҮшқара тауларының шығысындағы құмды алқап.

Географиялық орны

Жетісу облысы Ақсу және Көксу аудандарында орналасқан.

Жер бедері

Ең биік жері 400 м шамасында. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 30 км-ге созылған, енді жері 20 км шамасында. Жер бедері қырқалы келген. Құм бойында Қоштай, Ақшағыл төбелері бар. Жоғарғы және орта төрттік кезеңінің шөгінділерінен түзілген. Батысында Үшкөл, оңтүстігінде Баскөл көлдері, солтүстігінде Жалқұм құмы жатыр.

Өсімдігі

Жусан, шеңгел, жүзгін, теріскен, т.б. сораң өсімдіктер өседі. Жер бетіне жақын жатқан жер асты суы сәл кермек татиды. Құм қойнауы қысқы, көктемгі мал жайылымы ретінде пайдаланылады.<ref>АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: "Қазақ энциклопедиясы", 2011. - 648 бет. ISBN 9965-893-70-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер