Қошақ (құдық)
Қошақ — Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Бозащы мен Маңғыстау түбектерінің арасындағы құдық, шығанақ.
Атаудың сөзжасамдық сипаты
Ел аузында «Ерте заманда салор мен ожақ рулары өзара жауласа өмір сүрген деседі. Жер мен су үшін болған көп жылғы қақтығыстардан шаршаған екі жақ бітімге келіпті, бірақ салор жағы көп кешікпей шартты бұзып, ожақ руының Қошақ есімді батырын өлтіреді. Ел жұрты батырды Сарытас шығанағына таяу жерге жерлейді, содан бері шығанақ та, сол маңдағы көне мола мен құдық та «Қошақ» деп аталады» – делінген.<ref>Үлгі:Кітап</ref> Ал біздің пікірімізше, атау қош (сан есім) және ақ (етістік) сөздерінің бірігуінен жасалған. Оғызша қош – «қос, екеу», ал ақ - «ағу» етістігінің қызметінде жұмсалып, тарихи тұрғыдан, су дегенді білдіреді. Сонда атау о баста қос аққан бұлақ, суға байланысты қойылған.<ref>Үлгі:Кітап</ref> Осындай тұжырымды Е.Қойшыбаевтың сөздігінен де кездестірдік: «екі аққан өзен".<ref>Үлгі:Кітап</ref>