Қосмола күмбезтамы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Ғимарат

Қосмола күмбезтамыМаңғыстау облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген XII-XIV ғасырлардағы сәулет өнері ескерткіші.

Орналасқан жері

Маңғыстау ауданы, Сайөтес ауылынан 50 км солтүстік бағытта орналасқан.

Сипаты

Ескерткішті "Маңғыстау тарихи-мәдени қорығы" мемлекеттік мекемесі 2005-2008 жылдары зерттелген.
Қосмола күмбезтамының қирандысы Үстірттің батыс шың-кемерінде Қосмола құдығы жанында орналасқан. "Қосмола" деген екі, яғни қосар жерлеу деген мағынаны береді. Бірі пирамада тәрізді күмбезі болған қазіргі уақытта түгелдей қирап, бірақ аты қалған кесене. Бұл осы өңірдегі тастан жасалған монументалды порталды күмбезді құрылыстың алғашқыларының бірі. Көлемі және көркемділігі жағынан Қазақстанның өзге аймақтарындағы көптеген кесене құрлыстарынан кем түспейді. Бұл Маңғыстаулық құрылыс сәулетіндегі кезеңдік ескерткіш болуы да әбден ықтимал. Бұл құрылыстан ежелден келе жатқан жергілікті ерекшеліктермен қатар, XII-XIV ғасырлардағы Қазақстан мен Орталық Азиядағы сәулет өнеріндегі жалпы бір үдерістік көрініс байқалады.

Құрылыс ерекшелігі

Жоспары бойынша диаметрі 8,2 м шеңбердің ішінде орналасқан 8 қырлы құрылыс, оңтүстік қыры ірі көлемді портал қабырғасының іргесі қазылып орнатылған. Оның сол жағында айналма баспалдақтың жартылай қирандысы калған. Қабырға мен порталдың жоғарғы жағының қираған биіктігі мен күмбездің пішімін анықтауы мүмкін емес. Дегенмен, ескеркіштің екінші қабатындағы бір қырындағы ойықтар саны және сол замандағы көп қырлы құрылыстардың осы нысанға ұқсас төбе жабындысына қарай отырып, бұл ескерткішті сегіз қырлы күмбезді болған деп айтуға болады. Іргетас пен цоколдің болмауы, порталды тұтас қабырғаның қалануымен қаптаманың дұрыс өңделмеген сом-сом тас кесектерінен қисық етіп қиюластырылып қаланғандығынан, есік қуысының да үстінен шаршы пішіндегі жалпақ таспен жауып, үш бұрышты келген ішке қарай кіріңкі болып тұратындай порталға терең аркалық ойыс арқылы түйісіп, кесенеге байырғылық түр-сипат беріп тұр. Бұл бір жағынан сәулетшілердің тасты қолдануындағы тәжірбиесінің жоқтығын көрсетеді. Сонымен қатар мықты порталдың және ішкі көріністегі биік жебе тәріздес ойыстарының өзі, сәулетшілердің Үстірт керуен сарайлары және Сырдария мен Орталық Қазақстан кесенелері – Аяққамыр, Жошы хан, Сырлытам және тағы да басқа құрылыстарға тән XII-XIV ғасырлардағы Орталық Азия сәулет өнерінің бір үлгісін көрсетіп тұрғандай. Аталған сәулеттік құрылыс ерекшеліктеріне сүйене отырып, ескерткішті IX-X ғасырларға тиесілі деп айтуға болады. Бірақ та, бұл кесене құрылысын таспен жұмыс істеуде, тас қашау мен оны қалау әдісін нашар игерген жергілікті шеберлер жасаған деп пайымдасақ, онда оның тәжіребиесінің төмендігін аңғарамыз.
Жазба деректерге сүйене отырып, аталған өлкеде сол тұста алтын Орда иелігінде болған алшын, қыпшақ тайпаларының қоныстағанын шамалаймыз. Ескерткіш қабырғаларының сыртындағы таңбаларға және осы маңнан табылған байырғыдан халық арасында кең танылған "тоғыз құмалақ" ойынына арнап, ойық етіп жасалған тақта тастардың болуы да, осы тұжырымды бекіте түседі. Бұл осы аймақтағы жергілікті тастан қаланған алғашқы кесенелердің бірі, бәлкім, қыпшақ ақсүйегінің бірінің қабірі үстіне тұрғызылуы да әбден мүмкін. Оның тарихи-сәулеттік мәні сегіз қырлы қабырға қаландысында ең алғашқы рет тігінен кезектесе қойылған ірі кесек тастар мен көлдене жабылған тақтатастар да кездеседі. Қабырға қаландысының өзіндік қолдану негізінде пайда болған, кейінгі кезеңге тән сәулет өнерінде қолданатын өңдеу әдістемесі болып кеткен.<ref>М19 Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени ескерткіштерінің жинағы. Маңғыстау облысы. - Өскемен: AsT prime, 2012. - 600 бет. ISBN 978-601-06-2031-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер