Қоржын
Қоржын<ref name="source1">"Қазақ энциклопедиясы", VI-том</ref> – иірілген жүннен тоқылған үй бұйымы. Түрлі заттар алып жүруге пайдаланылады. Жай жолақты немесе түрлі өрнекті, сондай-ақ кілемше (түкті, өрнекті) түрінде жасалады. Оның ат қоржын, түйе қоржын, т.б. түрлері бар. Қазақстан, Орта Азия мен Кавказ аймағының, Таулы Алтай өлкесінің тұрғындары пайдаланған.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>
Қоржын – Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданындағы ауыл, ауылдық округ орталығы. Аудан орталығы – Қаратөбе ауылынан оңтүстікке қарай 63 км жерде. Тұрғыны 0,8 мың адам (2003). 1931 – 1997 жылы [қаракөл қойы|қаракөл қойын өсіру кеңшарының орталығы болды. Оның негізінде 1997 жылдан Қоржында және округке қарасты Аққозы, Бесоба, Қосбаза, Ферма ауылдарында 17 шаруа қожалығы құрылған.<ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8</ref>
Қоржын, экономикада:
- жекелеген фирма, сала және макроэкономика деңгейінде белгілі бір күнгі тауарлар тапсырысының жиынтығы;
- сұранымды және дайындаушылардың мүмкіндіктерін ескере отырып жасалатын, өнімді жеткізу шарттарын жасасу үшін негіз болып табылатын тауарлардың түр-түрі бойынша сұрыпталымдық жоспар;
- заңды не жеке тұлға иеленетін түрлі бағалы қағаздар;
- экономикалық субъектінің байлығын құрайтын активтер жиынтығы. Қоржын экономиканың барлық аяларында қолданылады және фирма, ұйым, кәсіпорын қызметінің ауқымы, экономикалық келешегі, рыноктағы орны, т.б. туралы пайымдауға мүмкіндік береді.<ref>Отырар. Энциклопедия. – Алматы.
«Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2</ref>
Дереккөздер</span>
<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті Үлгі:Wikify