Қатысушы:19642206g/Мұса Жанәділов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
Үлгі:Ақын

Мұса Жанәділов (25 мамыр 1941 — 18 желтоқсан 2022) — қазақ ақыны, журналист, драматург, Қазақстан Журналистер және Жазушылар одақтарының мүшесі.<ref>https://anatili.kazgazeta.kz/news/59903</ref>

Өмірбаяны

Мұса Жанәділов Алматы облысы Нарынқол ауданының Текес ауылында дүниеге келген.<ref>https://alatau-zhuldyzy.kz/?p=20376</ref> 1957 жылы орта мектепті аяқтаған.

1960–1964 жылдары Жамбыл (қазіргі Тараз) қаласындағы мәдени-ағарту училищесінде білім алған.<ref>https://adebiportal.kz/kz/news/view/zetisuda-kitap-zaugan-kun__3595</ref> 1980 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін тәмамдаған.<ref>https://anatili.kazgazeta.kz/news/59903</ref>

Еңбек жолы

Еңбек жолын 1957–1960 жылдары шопан болып бастаған.<ref>https://qarqaragazeti.kz/archives/4875</ref>

1965 жылдан бастап «Советтік шекара», «Қарқара» газеттерінде қызмет атқарған.<ref>https://qarqaragazeti.kz/archives/4875</ref> Кейін «Талғар» аудандық газетінде жұмыс істеп, тілші, жауапты хатшы, редактор орынбасары және бас редактор міндеттерін атқарған.<ref>https://qazdauiri.kz/news/kok-tuyndy-zelbiret</ref>

Шығармашылығы

Ақынның шығармалары поэзия, проза және драматургия жанрларын қамтиды.<ref>https://egemen.kz/article/168465-dramalyq-shygharmalar-bayqauynynh-dgenhimpazdary-anyqtaldy</ref>

Жыр жинақтары

  • «Көктем тынысы»
  • «Шыңдар»
  • «Кегенім менің – өлеңім»
  • «Жүрек лүпілі»
  • «Мен келгенде Талғарда күз болатын»
  • «Түлеп ұшты жүректен жыр құстарым»

Прозалық шығармалары

  • «Шопан ауылының шырайы»
  • «Түлеген өңір»

Драмалық шығармалары

  • «Арманым сізге аманат»
  • «Ереуіл төбе ерлері»
  • «Тойланбаған той»

Ән мәтіндері

  • «Ақ тілек»
  • «Кегенімді сағындым»
  • «Нарынқол жастарының вальсі»

Марапаттары

Дереккөздер

<references/>

Сыртқы сілтемелер