Қарға сүйек, құстұмсықша сүйек
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Қарға сүйек, құстұмсықша сүйек (os coracoideum, Үлгі:Lang-la— сүйек, coracoideum — құс тұмсық) — құстардың иық белдеуіндегі ең ірі сүйек. Қарға сүйектің жоғарғы ұшы жауырын, бұғана және тоқпан жілікпен, төменгі ұшы төс сүйекпен байланысады. Құстардың ұшуы кезінде қарға сүйек қанат үшін тіректік қызмет атқарады.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9</ref>
Дереккөздер
<references/>