Қарашоқы (төбе, Желтау таулары)
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Мағына Үлгі:Тау Қарашоқы – Желтау тауларының оңтүстік-шығысындағы төбе.
Географиялық орны
Атырау облысы Жылыой және Маңғыстау облысы Бейнеу аудандары аумағында орналасқан. Абсолюттік биіктігі 141 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 5 км-ге созылып жатыр, енді жері 4 км.
Жер бедері
Етегінде бірнеше ұсақ төбелер бар. Батысында Ырғызбай жайлауы, шығысында Манайсары соры, Үштөбе, оңтүстігінде Жаршоқы төбелері орналасқан.
Өсімдігі
Сортаңды сұр топырақ жамылғасында жусан, сораң, еркек шөп, тасбұйырғын, т.б. өсімдіктер өседі. <ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref>