Қараой жазығы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Жазық Қараой жазығыЖамбыл облысы Қордай және Алматы облысы Жамбыл аудандары жерінде орналасқан жазық.

Жер бедері

Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай созылып жатыр. Оңтүстігінде Құлжабасы тауы арқылы Қопа жазығымен шектеседі. Ұзындығы 45 – 50 км, енді жері 18 – 20 км, теңіз деңгейінен 1050 – 1080 м биіктікте.

Геологиялық құрылымы

Жер қыртысы пермьнің эффузиялық және ордовиктің шөгінділерінен түзілген.

Өсімдігі

Жазықтық сұр, сортаңды сұр топырағында сұр жусан, бұйырғын, баялыш, т.б. эфемероидті шөптесіндер өскен жазықтың батысындағы Қопалысай және Жыңғылды өзендері аңғарлары мал жайылымы саналады.<ref>АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер