Қарабура кесенесі

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Ғимарат Қарабура кесенесіТүркістан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген сәулет өнері ескерткіші.

Орналасқан жері

Созақ ауданы, Созақ ауылында орналасқан.

Сипаты

Сурет:Қара Бура кесенесі. 1982 жылғы фотосурет.jpg
Қара Бура кесенесі. ХІХ ғасыр. Батыс көрінісі. 1982 жылғы фотосурет.

Созақ кесенелері ішінде тәу етіп баратын нысан ретінде ерекше аталатын кесене Қарабура кесенесі болып табылады. XIX ғасырда бой көтерген бұл ескерткіш жергілікті аңызға сәйкес, Қожа Ахмет Ясауидің замандасы және жақын серігінің бейіті үстіне тұрғызылған. Құрылыс тас іргетастың үстіне шикі кірпіштен қаланып, қабырғасы лаймен сыланған. Куб тәрізді болып келген құрылыс біртіндеп жұмыртқа түріндегі күмбезге ұласады. Күмбездің жоғарғы бөлігінде жарық түсетін төрт дөңгелек саңылау бар.
Жергілікті адамдардың айтуынша, моланың қасында өсіп тұрған терек те қасиетті болып саналады. Кесененің айналасы үлкен мазаратқа айналған, ал жақын уақытта тәу етіп баратындарға қызмет көрсетуге арналған қазіргі заманғы мемориал мен ғимараттар кешені салынған.<ref>АЛТАЙДАН КАСПИЙГЕ ДЕЙІН. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАБИҒИ,ТАРИХИ ЖӘНЕ МӘДЕНИ ЕСКЕРТКІШТЕРІ МЕН КӨРНЕКТІ ОРЫНДАРЫНЫҢ АТЛАСЫ. 3 томдық. Алматы. 2011. 1 т.–584 б., карталар, суреттер. ISBN 978-601-280-215-3, ISBN 978-601-280-216-0</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер