Қара қатын дегенге қара қатын

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Абайдың 1889 ж. ауызша шығарған өлеңі. 4 тармақты 1 шумақ. Ақынның әңгімешіл, ертегіші досы Баймағамбет Мырзаханұлы айлап, апталап ел қыдырып жүретін, шаруаға қырсыздау, серілігі бар кісі болған. Ерінің осы мінезін ұнатпай, реніш білдірген. Баймағамбеттің әйелін әзілмен жұбатпақ болған. Абай «қара қатынға» әзіл айта отырып, досының да жөнсіз «серілігін» кекетіп, әйелінің шариғатты бұзуы қиын жұмыс емес деп «қорқытады». Көңілдері жарасқан, сыйлас, сырлас адамдардың зілсіз жеңіл әзілі. Өлең 10, 11 буынды қара өлең ұйқасымен жазылған. Алғаш рет ақынның 1933 жылғы жинағында жарияланды. Туынды ешқандай текстологиялық өзгеріске ұшырамаған. Өлең орыс тіліне аударылған.<ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub