Қара сыбаға

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Қара сыбаға — қазақ халқының салты. Қазақ сыйлы адамдарына, жақын-туыстарына жыл сайын тиісті сыбағасын сақтап отырған. Оны әдейі сақтау да, сол сияқты кісілердің келіп өз сыбағасын жеу де үлкен парыз әрі сыйластық, құрмет белгісі. Сыбаға сақтамау да, сақталған сыбағаны тата алмау да бір сын. Сол сияқты сыйлы адамдар қайтыс болған күнде де көзкөргендер ол адамның сыбағасын үзбей оның отбасына, әйеліне немесе балаларына әдейі жіберіп отырған.Мұны халық ұғымы мен салтында "қара сыбаға" деп атайды.<ref>Кенжеахметұлы С. Қазақ халқының салт-дəстүрлері. -Алматы: "Алматыкітап" баспасы,2012</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер