Қамысбай қорымы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
Сурет:Қамысбай қорымы. XV–XVII ғғ. әртүрлі уақыттағы жерлеу орындары.jpg
XV–XVII ғасырлардағы кесенелер және құлпытастар мен қойтастар қойылған әртүрлі уақыттағы жерлеу орындары.

Қамысбай қорымыРеспубликалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген ескі бейіттер.

Орналасқан жері

Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы, Шетпе ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 14–15 км жерде орналасқан. Оны алғаш 1951 жылы Қазақстан ғылым академиясының археолог экспедиция (жетекшісі М. Меңдіқұлов) зерттеді.

Қорым сипаты

Сурет:Қамысбай қорымы. ХІХ ғ. кесенесінің кіреберіс жиегіндегі ойылып салынған өрнек.jpg
Қамысбай қорымы. ХІХ ғасыр кесенесінің кіреберіс жиегіндегі ойылып салынған өрнек.

Қамысбай қорымы күмбезді мазарлар, сағана тамдар, құлпытастар мен қойтастардан тұрады. Қорымның ерте архитектура құрылыстары 19 ғасырдың 1-жартысында салынған. Олар қорымның солтүстік-батыс бөлігін алып жатыр. Қалған ескерткіштер 19 ғасырдың соңы, 20 ғасырдың бас кезімен мерзімделеді. Қамысбай қорымындағы ескерткіштерге салынған өсімдік өркендері мен әр алуан заттардың бейнелері, түрлі бедерлер тас қашау ісінің шеберлігін көрсетеді.
Қазіргі таңда Қамысбай қорымы ашық аспан астындағы халық архитектурасының мұражайы ретінде ерекше бағаланады.<ref>Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Маңғыстау облысындағы республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері