Қалыңдықтарды саралау әдісі
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Қалыңдықтарды саралау әдісі (Үлгі:Lang-ru) — кенорын ауқымындағы тектоникалық бұзылыстардың сипатын анықтау әдісі. Ұңғыманың геологиялық қимасына тән қалындықтарды саралау шараларына негізделген бұл әдістің мәні төмендегідей: бұрғылау ұңғымасы қималарының тектоникалық бұзылыс белдемдеріндегі қалындық мөлшері осы белдемнен өзге өңірлердегі көрсеткіштеріне қарағанда артығырақ (қаусырма белдемінде) немесе кемірек (лықсыма белдемінде) болып шықпақ.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0</ref>
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Wikify