Қалпақ Наурызмағанбетов
Үлгі:Тұлға Қалпақ Наурызмағанбетов (1941 жылы 17 тамызда Форт-Шевченко — 1 шілде 2020 жылы Қарақия ауданы, Маңғыстау облысы) — еңбек ардагері, Маңғыстау облысының құрметті азаматы.
Толығырақ
Қалпақ Наурызмағанбетов 1941 жылы 17 тамызда Форт-Шевченкода дүниеге келген.
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-технологиялық университеті (бұрынғы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылғы институтын) бітірген.
1959 — 1989 жылдары — Маңғыстау облысы мұнай мекемесінің бұрғылаушының көмекшісі, жүргізуші, механик, гараж меңгерушісі, Ералиев атындағы кеңшарда бас инженер, партком хатшысы, директор болды.
1989 — 2020 жылдары — «Сенек» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін басқарып, ауылшаруашылық саласын дамытуға сүбелі үлесін қосты.
Бірнеше рет аудандық, облыстық мәслихат депутаты болып сайланды.
2020 жылдың 1 шілдесінде қайтыс болды.<ref>Қалпақ Наурызмағанбетов өмірден өтті Үлгі:Webarchive</ref>
Марапаттары
- 1978 — КСРО «Социал жарыстың жеңімпазы» алтын медалі
- 1982— КСРО ХШЖК-нің күміс медалі
- 1998 — Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен «Астана» тұңғыш мемлекеттік медалімен марапатталды.
- 2004 — «Тыңға 50 жыл» медалі
- 2006 — «Қазақстан Республикасы Парламентіне 10 жыл» медалі
- 2008 — «Астанаға 10 жыл» медалі
- 2011 — Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен «Құрмет ордені»мен марапатталды.
- 2016 — Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылдың 5 желтоқсанындағы жарлығымен «Парасат ордені» марапатталды.<ref>«Парасат» орденімен Қарақия ауданы «Сенек» ЖШС директоры Наурызмағанбетов Қалпақ марапатталды 2016 жыл</ref>
- ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің құрмет грамотасы.
- Қазақстан Республикасы Президентінің бірнеше мәрте Алғыс хатымен және «Алтын Барыс» төсбелгісімен марапатталған.
- Маңғыстау облысының және Қарақия ауданының құрметті азаматы.<ref>«Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы, Алматы, 2002;</ref>