Қазақ елінің қоғамдық құрылымы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Ғалымдар қазақ елінің қоғамдық құрылымын шамамен жеті баспалдаққа бөледі:ауыл,ата-аймақ, ру, арыс,ұлыс,жүз, хандық,Ауыл-ең жақын қандас он отбасынан тұрады.Әр ауылдың басқаратын адамы өмір көрген, беделге ие, ауқатты,адал адамы болады.Ол ауылбасы деп аталады. Ауылбасы ауылдастарының шаруашылығын,маусымдық көшіп-қону уақытын,адамдар, арасындағы дау-жанжалды,ауылға түскен салықты дер кезінде төлеп отыру сияқты жұмыстарды реттеп отырады. Ата-аймақ жеті атадан қосылатын бірнеше ауылдан құрылады.Ата-аймақтың басшысы-ақсақал.Ол өте жоғары мәртебеге ие,орта жастағы адам болуы керек Ру он үш, он төрт аймақтан құралады.Оның басшысы ұлыс деп аталады. Арыс бірнеше рудан құралады.Оның басшысы-би. Ұлыс бірнеше арыстан құралады.Ұлыстың билеушісі-сұлтан.Сұлтан әдетте ақсүйектерден сайланады. Жүз бірнеше ұлыстан құралады.Жүзді хан билейді. Хандық үш жүзден тұрады.Оны хақан (ұлы хан) билейді. Осылардан кейін халық арасында "Ұлттың құтты-хан, рудың құты-ұлыс,аймақ құты-би,ауыл құты-бәйбіше" деген қанатты сөз бар.