Қазақ балалар поэзиясының антологиясы
Қазақ балалар поэзиясының антологиясы - қазақ ақындарының 1983 ж. «Жалын» баспасынан орыс тілінде жарық көрген өлеңдер жинағы. Құрастырушылары М. Әлімбаев пен Қ. Баянбаев. Кітап С. Қирабаевтың «Қазақтың балалар поэзиясы» деген көлемді мақаласымен ашылған. Абай балаларға арнап өлең жазбағанымен, жас ұрпақ тәрбиесіне айрықша кеңіл бөлген. Ол «атаның баласы болма, адамның баласы бол» дейді. Ақынның табиғат лирикасы балалардың әсемдікке деген талғамын оятады, айнала қоршаған ортаны тануға жол ашады. Антологияға Абайдың: «Жасымда ғылым бар деп ескермедім...», «Әсемпаз болма әрнеге...», «Жазғытұры қалмайды қыстың сызы...», «Ақ киімді, денелі, ақ сақалды...» өлеңдері енгізілген. Кітап көлемі 24,6 бет, 10 мың дана болып басылған. <ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref>
Дереккөздер
<references/>