Қазаншы кесенесі
Үлгі:Ғимарат Қазаншы кесенесі (18-19 ғ-лар) – Түркістан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген сәулет өнері ескерткіші.
Орналасқан жері
Созақ ауданы, Созақ ауылының орталығында орналасқан.
Сипаты
Аңыз бойынша, мұнда жерленген адам қазан құюшы ретінде жергілікті қолөнершілер арасында ерекше құрметке ие болған адам екен. Кесене шикі кірпіштен қаланып, лаймен сыланған. Қабырғалары 6,4×6,35 м төрт қырлы пішін үстіне ұзын күмбез орнатылған. Ғимараттың жалпы биіктігі – 8,4 м. Кірер есігі оңтүстік жағында орналасқан. Күмбездің орта бөлігінде жарық түсетін дөңгелек саңылау және шахматтық қатармен шаншылған үшқатар сырғауыл бар.<ref>АЛТАЙДАН КАСПИЙГЕ ДЕЙІН. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАБИҒИ,ТАРИХИ ЖӘНЕ МӘДЕНИ ЕСКЕРТКІШТЕРІ МЕН КӨРНЕКТІ ОРЫНДАРЫНЫҢ АТЛАСЫ. 3 томдық. Алматы. 2011. 1 т.–584 б., карталар, суреттер. ISBN 978-601-280-215-3, ISBN 978-601-280-216-0</ref>