Ғұмар Ісләмұлы Дүйсембаев
Ғұмар Ісләмұлы Дүйсембаев - 1956 жылы 17 қазанда Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданында туған. Қазақ. Әкесі - Дүйсембаев Ісләм, марқұм, жүргізуші болып жұмыс істеген. Анасы - Дүйсембаева қанапия, марқұм, әрқилы жұмыстар атқарған.
Хронологиясы
- Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтының механикаландыру факультетін (1978) инженер-механик мамандығы бойынша;
- Еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясының заң факультетін (1999) заңгер мамандығы бойынша бітірген.
- Қазақ, орыс және неміс (сөздікпен) тілдерін біледі.
- «Нұр Отан» ХДП мүшесі (2002 жылдан).
- 1978 жылдан - Ақтөбе облысы Калинин атындағы ұжымшардың инженері.
- 1979 жылдан - Орал ауыл шаруашылығын механикаландыру техникумында оқытушы,
- 1982 жылдың қаңтарынан қарашасына дөйін - комсомол комитетінің босатылған хатшысы.
- 1982 жылдан - Орал облысының Бөрлі ауданындағы Победа ұжымшарының мүшесі, бас инженері.
- 1987 жылдан - Орал облысы Бөрлі ауданындағы «Октябрьдің 40 жылдығы» ұжымшарының партия комитетінің хатшысы,
- 1990 жылдан - төрағасының орынбасары.
- 1992 жылдан - БҚО Бөрлі ауданындағы «Красный маяк» ұжымшарының төрағасы.
- 1995 жылдан - «Бөрлі» агроассоциациясының төрағасы (БҚО Бөрлі ауданы).
- 1996 жылдан - БҚО Бөрлі ауданы әкімінің бірінші орынбасары.
- 1997 жылдан - БҚО Бөрлі ауданының әкімі.
- 2001 жылдан - БҚО әкімі аппаратының отын-энергетикалық кешен бөлімінің меңгерушісі.
- 2002 жылдан - БҚО Кәсіпкерлік және отын-энергетикалық кешен департаментінің директоры.
- 2004 жылдан - БҚО Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің директоры.
- 2007 жылдан - БҚО Энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментінің директоры.
- 2008 жылдан бері - Батыс Қазақстан облысының Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы.
- Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының (1992-1996) депутаты.
Жетістіктері
- «Құрмет» орденімен (2009),
- «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне Южыл» (2001), медалімен марапатталған.
Әскери атағы - запастағы подполковник. Діни көзқарасы - атеист. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Қазақстан-2030» Бағдарламасында көрсетілген жолмен даму». Хоббиі - кітап оқу, спорт. Сүйіп оқитын әдебиеті - қазіргі заман классикасы. Үйленген. Жұбайы - Дүйсембаева Мағрипа Темірқызы. Қызы - Дүйсембаева Ботагөз (1981 жылы туған); ұлы - Дүйсембаев Тимур (1986 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>
Дереккөздер
<references/>