Ғалиолла Хайруллин

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Ғалиолла Хайруллин (1909-2004), шахтер, Соц. Еңбек Ері (1948), КСРО-ның құрметті шахтері (1948). 1924-1931 жылдары Донбасс шахталарында істеген. 1931 жылдан Қарағандыда. 1931-1961 жылдары №3/26, 18, 20, 64, 37 шахталарында забойшы, проходкашы, проходкашылар бригадирі. Ұлы Отан соғысы жылдары проходкалаудың жедел әдістерін қолдану жолындағы жарыстың бастаушысы болды, оның бригадасы күндік нормасын 2-3 есе асыра орындады. 4-бесжылдықта көмір өндіру көлемін ұлғайтуда, көмір шахталарын қалпына келтіруде және салуда айтарлықтай табыстарға жетті. КОКП 20-съезінің делегаты. 2 мәрте Ленин орденімен марапатталған.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Қарағанды облысы: Энциклопедия Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақала