Юрий Александрович Якушев
Юрий Александрович Якушев
1962 жылы 27 қазанда Қарағанды облысы Сарань қаласында туған.Орыс.
Әкесі - Якушев Александр Иванович, марқұм, шахтер болып жұмыс істеген. Анасы - Якушева Валентина Тимофе- евна, марқұм, жұмысшы болып істеген.Алматы театр-көркемөнер институтының театр факультетін (1988) театр мен киноның актері мамандығы бойынша;Халықаралық бизнес академиясының магистратурасын (2007) бітірген.
1988 жылдан - М.Ю. Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының актері. 1993-1999 жылдары - коммерциялық фирмалардың бірін басқарған. 1999 жылдан бері - М.Ю. Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының директоры.
Діни көзқарасы - православиелік.
Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә.Назарбаев.
Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Дамыған экономикасы мен ең бай мәдениеті бар демократиялық мемлекетке сенемін».
Хоббиі - аңшылық.
Сүйіп оқитын әдебиеті - ғылыми фантастика.
Үйленген. Жүбайы - Лебсак Ирина Маратқызы (1963 жылы туған),М.Ю.Лермонтов атындағы мөмлекеттік академиялық орыс драма театрының актрисасы. Қызы - Евгения (2000 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>
Дереккөздер
<references/>