Юрий Александрович Аксенов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Футболшы Юрий Александрович Аксёнов (11 тамыз 1973, Волгоград, РСФСР, КСРО) — КСРО және Қазақстан футболшысы, Қазақстан Ұлттық футбол құрамасында ойнаған.

Карьерасы

Карьерасында қорғаныс шебінде де, жартылай қорғаныста да ойнаған. КСРО<ref>http://www.klisf.info/numeric/index.app?cmd=ln&lang=ru&id=549725056749433</ref>, Ресей, Украина клубтарында ойнап, 2000 жылы астаналық "Жеңіс" клубына келді. Карьерасының соңғы жағында тек қазақстандық командаларда доп тепті.

Ұлттық құрамада бес матч өткізді. 2003 жылы 20 тамызда Португалияға қарсы жолдастық ойында бірінші рет алаңға шықты (69-минутта ойнға қосылды)<ref>http://kaz-football.kz/kazteam/1kaz03.shtml</ref>. 2004 жылы 18 ақпанда Кипрде өткен Халықаралық турнирде Латвиямен ойында бір доп соқты (1:3)<ref>http://kaz-football.kz/kazteam/1kaz04.shtml</ref>.

2004 жылы көктемде Қазақстан құрамасы бапкер ауыстырды, Леонид Пахомовтың орнына Сергей Тимофеев келді де, Тимофеев Аксоновты құрамаға мүлде шақырмады.

Жетістіктері

  • Ресей кубогының финалисі: 1995.
  • Қазақстан чемпионы: 2000, 2001, 2004.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сілтемелер

Үлгі:Бастама