Шәміл Қожаханов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Қожаханов Шәміл (1938 ж. т.) - суретші. Дизайнды қоленер, гобөлең саласында жұмыс істейді. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері. Абайдың Семейдегі респ. әдеби-мемориал. музейіне арнап 5 туынды жазды. Музейдің кіре бөріс залына қойылған «Абайдың шығармаларының үш бастауы» атты 3 белімді гобөлеңде (1989, жұн, тоқыма, өрме) Шығыс, Ресей және Еуропа (әсіресе, Германияның) сәулет өнерінің үлгісімен және адамдар киімдері арқылы Абайдың рухани нәр алған ортасы керсетілген. Ақынның өмірі мен шығармаларына арналған «Дала оқиғалары» (1988, жұн, тоқыма), «Кектем» (1989, жүн, тоқыма) гобелендерінде өлең кейіпкерлерінің бейнелері, уақыт тынысы, Абайдың күрделі тағдыры бейнеленген.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref> Музейдің Абайтану залына арналған «Табысу» атты гобөлеңде Абай мен М. О. Әуезов тұлғалары бір композицияға біріктіріліп, аспан мен жердің - кек және қоңыр түстерінің бояу ерекшелігі, ырғақтық қүрылысы ақын поэтикасымен шебер үндескен.<ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Суретсіз мақала

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub