Шұбартай күмбезтамы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Ғимарат Шұбартай күмбезтамыМаңғыстау облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген XIX-XX ғасырлардағы сәулет өнері ескерткіші.

Орналасқан жері

Маңғыстау ауданы, Сайөтес ауылынан 180 км оңтүстік-шығыс бағытта орналасқан.

Кесене сипаты

Ескерткішті "Қазжобақайтажаңғырту" институтының экспедициясы 1989 жылы зерттеген. Кесене кішігірім Шұбартай қорымының батыс жағында орналасқан.
Құрлысты салушылар осы өңірге танымал – шеберлері Шеркешбайұлы Дәулетнияз, Дәулетнизұлы Шопан және Тұрғанбай деген танымал кісілер.
Күмбезтам жоспары тікбұрышты, іргетассыз бір тепешікті, цоколды жағы бар кіндік-күмбезді құрылыс. Қаластырылуы бойынша Маңғыстау ескерткіштеріндегі дәстүрлі әдіспен салынған, үш қабаттан тұрады: сыртқы және ішкі бет қаптама жалпақ тақта тастардан және ортаңғы – саз балшықты қалаумен бітеме тастан сфера конустық пішіндегі биік барабандағы күмбез үшкір соңды найзатаспен бітеді. Күмбез ішінде, бұрыштарында тепкішектік тромптар жасалған төртіншік – іргеден баяу өтіміне қарай жіберілген қаландымен құрылған. Күмбезтам пропорцияларының сәйкестігімен құрылыстың жеңілдігі, сымбаттылығы, қысқа да нұсқа сәнделіп, ерекшеленеді.
Күмбезтамның басты қасбеті периметрі бойынша өрнектелген кесілімді белдікшемен көмкеріліп, парапетпен акценттелген. Тікбұрыш келген есік қуысының екі жағында аркалы бітімі бар.
Өсімдік өрнектің жалпақ бедерлі оюлы кең сандригіне өтетін босағалар түріндегі шығыммен көмкерілген. Кірме ойығының екі жақ қапталында аркалы бітімі бар екі кішігірім қуыс орналасқан. Қыры араб графикасындағы жазумен толтырылған. Ішкі үйлесімі барлық қабырғалары, тікбұрышты құрлыстар қатарларымен рәсімделген. Күмбезтамның шығыс, батыс бағыттық сызығы бойынша үш қабірүсті тасы бар. Едені топырақты. Материалы әкті-құмтас.
Жоспардағы көлемдері – 3,6×4,6 м, биіктігі 7 м.<ref>М19 Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени ескерткіштерінің жинағы. Маңғыстау облысы. - Өскемен: AsT prime, 2012. - 600 бет. ISBN 978-601-06-2031-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер