Шағырлы-Шөмішті газ кен орны

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Газ кен орны Шағырлы-Шөмішті газ кен орныМаңғыстау облысы Бейнеу ауданы Үстірт-Бозащы шөгінді алабында орналасқан. 1966 жылы ашылған. Жалпы ауданы 470,35 км2.

Геологиялық құрылымы

Кен денесі ендік бағытта созылған Шағырлы, Солтүстік Шөмішті, Батыс Шөмішті, Шығыс Шөмішті көтерілімдерімен күрделіленген брахиантиклиналдық қатпардан орын алған. Шағырлы және Солтүстік Шөмішті көтерілімдерінің амплитудасы 30-20 м, қанаттарының еңістену бұрышы 1-80°, ал Батыс Шөмішті, Шығыс Шөмішті көтерілімдерінде тіктеу болып келеді. Өнімді қабат палеоген жүйесінің эоцен шөгінділерінде 360 м тереңдікте жатыр.

Жатыс сипаты

Қимасы алевролиттермен және тығыз сазбен кезектесе қабаттасып, әлсіз цементтелген құмтастар мен құмнан құралған. Қиманың жалпы қалыңдығы 28,8 м, оның газға қаныққаны — 7,4 м. Иірім қабат пішінді, ішінара қалқаланған дөңгелек.

Құрамы

Құрамы жағынан газы құрғақ, этаны аз, метан 86,9-96,4%, бұлардан басқа азот, көмірқышқыл газы, гелий бар. Хлоркальций типті қабат суларының тығыздығы 1,08 г/см3, минералдығы 87,9-147,2 г/л, микроқұраушылардан йод, бром, бор кездеседі.<ref>Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер