Шалқарнұра кемері

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Үстірт Шалқарнұра кемеріТорғай үстірті мен Ұлытау таулары аралығында, Торғай қолатының шығысын ала орналасқан аласа таулы кемерлер тізбегі.

Географиялық орны

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы жерінде орналасқан.

Жер бедері

Шалқарнұра кемері солтүстіктен оңтүстіккке қарай, одан әрі батыстан шығысқа қарай доғаша иіліп 70 км-ге созылып жатыр. Енді жері 25 км. Ең биік жері орта тұсында (239 м). Сай-жыралармен, шағын шатқалдармен тілімденген бірнеше аласа шоқылар (Жаманай, 209 м, Жанайшоқы, 190 м) кездеседі.

Геологиялық құрылымы

Кемердің жер қыртысы архей және протерозойдың тақтатас, кварцит және олардың туфтарынан түзілген. Кейбір жерлерде эффузивті тау жыныстары кездеседі. Торғай даласына қарайтын кемерленген батыс, оңтүстік-батысы құмды саздақтардан түзілген.

Климаты, су жүйесі

Климаты тым континенттік. Қаңтар айының жылдық орташа температурасы –16 — 180С, шілденікі 20 — 220С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 300 мм-ге жуық. Солтүстігінің орта тұсында жазда кеуіп қалатын шағын келген Баймұрат өзені бастау алады. Құрғақ шөлейтті далаға ұласатын солтүстік, солтүстік-шығыс бөлігінде бірнеше тұзды көлдер (Үлкенкөл, Кішікөл) орналасқан. Оңтүстігінде Шалқартеңіз соры жатыр. Батыс бөлігінен Торғай өзені ағып өтеді.

Өсімдігі

Бетеге, боз, селеу, жусан өскен. Мал жайылымына пайдаланылады. Тау етектері мен кемерлер табанында тұщы бұлақтар (Аққұдық, Балта, тағы басқа) мен қыстаулар (Қызтау, Айырбидайық, Берістен, тағы басқа) жайласқан.<ref> Қазақ энциклопедиясы, 9 том 18 бөлім</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер