Ханиса Қанышқызы Сәтпаева
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Тексерілмеген мақала Үлгі:Ғалым
Ханиса Қанышқызы Сәтпаева (15 желтоқсан 1921, Қарсақпай, Жезқазған облысы, Ұлытау ауданы, Қазақ АКСР — 11 маусым 2016, Алматы, Қазақстан) — кеңестік және қазақстандық ғалым, медицина ғылымдарының докторы, Қазақ ұлттық медицина университетінің құрметті профессоры. Қаныш Сәтбаевтың үлкен баласы.
Өмірбаяны
Арғын тайпасының Сүйіндік руының Қаржас бөлімінен шыққан<ref>Үлгі:Кітап</ref>.
- 1921 жылы 15 желтоқсанда Қарсақпай жұмыс ауылы, Жезқазған облысында дүниеге келген.
- 1943 жылы – Қазақ мемлекеттік медициналық институтты үздік бітіріп, еңбек жолын сол институтта жалғастырды.
- 1945 жылы ақын Қайнекей Жармағамбетовпен тұрмыс құрған.
- 1974 жылдан 1991 жылдар аралығында – АММИ-дің қалыпты физиололгия кафедрасының меңгерушісі.
- 12 жыл бойы Емдеу ісі факультетінің деканы.
- 1995 жылы алғаш Қазақстанда медицина және педагогика ЖОО-на арналған «Адам физиологиясы» («Физиология человека»)[1] атты оқулық жарыққа шықты. (қайта басылып шығарылды).
Оның жетекшілігімен 3 докторлық және 8 кандидаттық диссертациялар қорғалды. Оның басшылығымен Қазақстан Республикасының барлық ЖОО-да валеология курсын енгізу бойынша үлкен істер атқарылды.
- 1999, 2007, 2009 жылдары жарық көрген валеологиядан қазақ және орыс тіліндегі бірінші типтік бағдарлама мен оқу-әдістемелік құралдың авторы. Орта мектептерге арналған валеология нұсқаулығының авторы.
- 2016 жылы 11 маусымда өмірден озды.<ref>
Ханиса Канышевна Сатпаева, некролог. inform.kz. Дата обращения 23 января 2017.</ref>
Отбасы
- Әкесі — Қаныш Сәтбаев (1899-1964) - Қазақ КСР Ғылым академиясының ұйымдастырушысы және тұңғыш президенті (1946-1952), геология-минералогия ғылымдарының докторы.
- Күйеуі — Қайнекей Жармағамбетов (1918-1974) - Қазақстан Бүкілодақтық лениндік коммунистік жастар одағының хатшысы (1941-1948), ақын, әдебиеттанушы.
- Ұлы — Нұрлан Жармағамбетов, Алматы қаласындағы Сатпаев атындағы мұражайдың директоры, филология ғылымдарының кандидаты.
- Ұлы — Әділ Жармағамбетов.
- Қызы — Алима Қайникейқызы Жармағамбетова[1], химия ғылымдарының доктор, профессор, Сокольский атындағы катализ және электрохимия институт директорының орынбасары.<ref>Философия рода Сатпаевых. baiterek.kz. Дата обращения 23 января 2017</ref>
Марапаттары
- Еңбек Қызыл Ту ордені
- Парасат ордені — ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл толуына орай және еліміздің дамуына орасан зор үлес қосқаны үшін
- «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі» үшін медалі
- И.П. Павлов атындағы медаль
- «Адам физиологиясы» оқулығы үшін А.Байтұрсынов атындағы медаль
- «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі (2001)
- «Құрмет белгісі» медал
- «Қазақстан Республикасының ғылым еңбек сіңірген қайраткері»медалі (1981)
- «ССРО жоғары мектебінің үздігі» белгісі
- «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгісі
- ҚазКСР Жоғарғы Кеңес Президиумының құрмет грамотасы, ҚазКСР және ҚР денсаулық сақтау министрлігінің Бүкілодақтық физиология қоғамының құрмет грамотасы.