Төлекеш Шайкөзов
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Шайкөзов Төлекеш (1938 жылы туған, Маңғыстау ауданы 1-Май ауылы) – фототілші, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. ҚазМУ-ды (қазіргі ҚазҰУ) бітірген (1965). 1957 – 61 ж. Қаратон мұнай кәсіпшілігінде оператор, 1963 – 65 ж. Маңғыстау ауданы «Жаңа өмір» газетінде әдеби қызметкер, фототілші, 1965 – 70 ж. Ленин атындағы мектепте мұғалім, 1970 – 2002 ж. Маңғыстау ауданы «Жаңа өмір» газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болды. «Қасіретті көш» (2001) кітабының авторы. Фотосуреттері облыстық, республикалық басылымдарда жарияланған.<ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997; </ref>
Дереккөздер
<references/>