Тұрғыт Өзал

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер

Тұрғыт Өзал (13 қазан 1927, Малатия қаласы, Түркия17 сәуір 1993, Ыстамбұл) – Түркияның саяси қайраткері.

Өмірбаяны

1950 жылы Ыстамбұл техникалық университетін бітірген. 1952 жылы АҚШ-қа оқуға жіберіліп, онда экономика саласы бойынша білім алды. 1953 жылы Түркияға оралған соң Электр жүйелері басқармасы төрағасының орынбасары болып қызмет атқарды. 1961 – 1962 жылы әскери борышын Ұлттық қорғаныс министрлігінің ғылым анықтама кеңесінің мүшесі ретінде өтеді.

Саяси қызметінің басталуы

1962 – 1982 жылы премьер-министр кеңсесіндегі техника мамандар құрылымының мүшесі, премьер-министрдің кеңесшісі, Мемлекеттік жоспарлау мекемесінде кеңесші, Экономика үйлестіру мекемесінің төрағасы, Дүниежүзілік банкте кеңесші, премьер-министрдің экономикалық істерге жауапты көмекшісі болды. 1982 жылы “Анаватан” атты саяси партия құрып, сол жылы өткен парламент сайлауында осы партияның жеңіске ие болуына қол жеткізді. Соның нәтижесінде Түркияның 19-премьер-министрі болып сайланып, ел экономикасына шетел инвестициясын тарту және туризм саласын дамыту бағытындағы іс-шараларды жүзеге асыра бастады. Ол өз кезегінде ел экономикасының артуына игі ықпалын тигізді. 1987 жылғы сайлауда “Анаватан” партиясы тағы да жеңіске жетіп, Тұрғыт Өзал премьер-министр болып қайта сайланды.

Президенттік

1989 жылы Түркия парламенті Тұрғыт Өзалды президент етіп сайлады. Осылайша ол Түркияның 8-президенті болды. Тұрғыт Өзал Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін жаңа құрылған тәуелсіз түркі мемлекеттерінің әлемдік қауымдастықта танылуына өзіндік үлес қосты.

Қазақстанмен қатынастары

Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялағанда Тұрғыт Өзал оны алғаш таныған қайраткер болды. Ол 1993 жылы Қазақстанға арнайы сапармен келіп, Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті. Түркістан қаласындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ашылуына қолдау жасады. Алматы қаласындағы көшелердің біріне оның есімі берілген.

Өзалдың нақыл сөздері

Менiң шенеулiгiм өз iсiн бiледi.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том</ref> Үлгі:Commons

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер