Тұрлықожа Биназарұлы Базаров
Үлгі:Infobox Biography Базаров Тұрлықожа Биназарұлы 1949 жылы 7 қыркүйекте ҚХР Нилги қаласында туған. Қазақ.
Әкесі - Базаров Биназар (1907 ж.т.), жұмысшы болған. Анасы - Базарова Сүйімхан (1928 ж.т.), үй шаруасымен айналысады.
Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының дирижерлік факультетін бітірген (1982), оркестрі дирижері, оқытушы.
Қазақ және орыс тілдерін біледі.
1975 жылдан - Көкшетау балалар музыкалық мектебінде домбыра классының оқытушысы. 1979 жылдан - Біржан атындағы Көкшетау музыкалық училищесінің домбыра классының оқытушысы.
1995 жылдан бері - Ақмола облыстық филармониясының Қазақ халық аспаптары оркестрінің дирижері.
Әскери атағы - ефрейтор.
Діни көзқарасы - ислам.
Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев.
Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Қазақстан Республикасының өркендеуі».
Хоббиі - спорт, сурет өнері, графика.
Сүйіп оқитын әдебиеті - тарихи шығармалар.
Үйленген. Жұбайы - Базарова Бахыт Дөненбекқызы (1951 ж.т.), Ақмола облыстық филармониясының қазақ халық аспаптары оркестрінің аспапшы-әртісі. Қыздары - Жанна (1975 ж.т.), Дина (1977 ж.т.); ұлдары - Ербол (1979 ж.т.), Біржан (1981 ж.т.).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>
Дереккөздер
<references/>