Түсіпбектегі Махабат Рымқұлұлы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Түсіпбектегі Махабат Рымқұлұлы (5.1.1931 ж.т., Қарағанды облысы Шет ауданы Ақсу-Аюлы а.) – техника ғылымының докторы (1991), профессор (1994). Халықаралық техника кибернетика академиясының корресподент мүшесі (1992). Алматы тау-кен және металлургия институтында (қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университеті) оқып, Мәскеу жоғары техника училищесін бітірген (1955). Новосибирск қаласындағы №92 зауытта инженер-конструктор (1955–57); 1957 жылдан Алматы қаласында Халық шаруалар кеңесінде инженер, «Металлист» зауытында бас инженер, Қазақ жергілікті өнеркәсіп ғылыми зерттеу институтында директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, Қазақ политехникалық институтында (қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университетінде) инженер, аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі болды (1964–96). Негізгі ғылыми-зертеулері машина жасау саласындағы автоматтандыру мәселелеріне арналған. ҚР Мемлекетік сыйлық лауреаты (2001).

Дереккөздер

Қазақстан ұлттық энциклопедиясы

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub