Тышқан тәрізділер

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Тышқан тәрізділер (Mu­ridae) - кемірушілер тұқымдасына жатады. Дене ұзындығы 5 тен 48,5 см дейін. Көпшілігінің құйрығы ұзын, тықыр. 100 - 120 туыстарының 480 түрі бар. ТМД-да 5 туысы таралған: тышқандар, ұсақ тышқандар, егеуқұйрықтар т.б., барлығы 12-13 түрі белгілі. Барлық табиғи аймақтарда кездеседі. Үй тышқандары мен егеуқұйрықтар, космополиттер ін қазып, жыл бойы белсенді тіршілік жасайды. 1 ден 22 дейін ұрпақ береді. Тіршілігі 1-3 жылға созылады. Түнгі жануарлар. Орман, ауыл шаруашылығы және қоймаларда зиян келтіреді. 20 астам ару қоздырғыштарын тасымалдайды. Олардың арасында оба, лептоспироз, сүзек сиякты аса қауіпті ауру қоздырушылары бар. Таза тұқымды тышқандар мен егеуқұйрықтар, зертханалық ғылыми зерттеулерде пайдаланылады.<ref>Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub