Тураев Ильхам Ишанқұлұлы
Тураев Ильхам Ишанқұлұлы – 1947 жылы 29 тамызда Өзбекстанда дүниеге келген.<ref>Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық. Алматы, «Білім» баспасы. 2005 ж. – 576 бет. ISBN 9965-09-134-Х</ref>
- 1966-1972 жылдары Мәскеу полиграфиялық институтының механика-машина жасау факультетінде инженер-механик мамандығы бойынша оқыды.
- 1972-1973 жылы Кеңес Әскері қатарында болды. Әскерден кейін 1973 жылдан бастап Кітап Фабрикасында механик, бас механик, ал *1985-1993 жылдары директордың бірінші орынбасары, бас инженер болып еңбек етті.
- 1993-1995 жылдары Ұлттық банктің өндірістік мекемелер дирекциясында бас директордың бірінші орынбасары болды, 1995-2001 жылдары ҚР ҰБ Банкноттар фабрикасы директорының орынбасары – бас инженер болды.
- 2001 жылдан бастап «Az Print Centre» ЖШС-ның бас директоры.
Полиграфиялық қайта жасау, инженерлік қамтамасыз ету, жаңа технологияны енгізу, баспа өнімдерін шығаруға қатысты жабдықтарды монтаждау, іске қосу салаларында үлкен тәжірибенің иесі.
И.И. Түраев 1986 жылы «ВДНХ» КСРО күміс медалімен, 2003 жылы «Баспа және полиграфия ісінің қайраткері» құрмет грамотасымен марапатталған. Банкноттар фабрикасы іске қосылған жылдары Жапония, Франция, Германия, Швейцария елдерінде мамандығы бойынша тәжірибеден өтті.
Полиграфиялық өндіріс технологиясы бойынша бірнеше жарияланымдары, «полиграфиялық машиналар және технология» факультетіне арналған әдістемелік көрсеткіштері бар.
Дереккөздер
<references/>