Тон-Тұра

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Көне қалашық Тон-Тұра, кейде Вознесенск қалашығы (Үлгі:Lang-ru) — Ескер жұртының, Түмен (Сібір) хандығының құрамындағы ортағасырлық қала. Қазіргі Ресей, Новосібір облысының Венгеров ауданында (Ом өзенінің сол жақ жағалауында) орналасқан.

Тарихы

Барабы даласында қалашықтың қалдықтары туралы XVIII ғасырдың екінші жартысында швед саяхатшысы, ғалымы, тарихшысы Иоганн Петер Фальк баяндаған. 1925 жылы Е.А. Клодт және А.М. Жихарев Вознесенск қалашығында алдын ала барлау жұмыстарын жүргізген. 1926 жылы П.А. Дмитриев және В.П. Левашова қалашық орнын жүйелі түрде зерттеп, оны 1928 жылы қаза бастады. 1974–1976 жылдары қалашық қалдықтарын В.И. Соболев бастаған археологиялық экспедицияның отряды зерттеген. Археологиялық ескерткіштің қазылған аумағы 800 шаршы метрге дейін жеткен. Тон-Тура мүйіс үстінде орналасып, дуалдардан тұратын үш қорғаныс сызығынан тұрған. Зерттеу кезінде ескерткіштің сақталған бөлігі 500 м құрады. Қалашық үш қорғаныс шебінен тұратын төрт бөлікке бөлінген. Бірінші және екінші бөліктердің арасында биіктігі 1,5 м-ге, ені 3 м-ге дейін жететін 2 дуал және тереңдігі 4 м-ге, ал ені 19 м-ге дейін жететін ор орналасқан. Екінші және үшінші бөліктердің арасында екінші қорғаныс сызығынан тұратын биіктігі 0,77 м дуал мен тереңдігі 0,5 м ор табылды. Үшінші қорғаныс сызығы екіншісінен 110 м алшақ орналасқан (дуалдың биіктігі 0,3 м, ордың тереңдігі 0,4 м). Төртінші бөліктің ұзындығы, шамамен, 138 м. Едәуір мөлшерде керамика, сүйектен жасалған бұйымдар, жебенің ұштары табылған. Қазба жұмыстарының барысында табылған материалдар Омбы мемлекеттік тарихи-өлкетану мұражайында, Новосібір мемлекеттік өлкетану мұражайы мен Новосібір мемлекеттік педагогикалық университетінде сақтаулы. 1996 жылы С.В. Колонцов ескерткіштің топографиялық сұлбасын дайындаған. Соболевтің зерттеу жұмыстарының арқасында бүгінгі таңда Тон-Тура Сібір хандығындағы елді-мекендердің арасында жан-жақты зерттелгені болып саналады.

Әдебиет

  • Матвеев А.В., Татауров С.Ф. Сибирское ханство: военно-политические аспекты истории. Казань: Фэн АН РТ, 2012. 260 с.
  • Молодин В.И., Соболев В.И., Соловьёв А.И. Бараба в эпоху позднего средневековья.// Новосибирск: 1990. 262 c. ISBN 5-02-029366-0
  • Тюменское и Сибирское ханства / под ред. Д. Н. Маслюженко, А. Г. Ситдикова, Р. Р. Хайрутдинова. — Казань: Издательство Казанского университета, 2018. — 560 с. — ISBN 978-5-00130-021-2
  • Фальк И.П. Записки путешествия от С.-Петербурга до Томска // Полное собрание ученых путешествий по России. – СПб., 1824 – Т.6.