Терісаққан (өзен)

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Өзен Үлгі:Мағына ТерісаққанЕсіл алабындағы өзен.

Географиялық орны

Ақмола, Қостанай, Ұлытау облыстары жерімен ағып өтеді.

Бастауы

Бастауын Ұлытаудағы Бақаншайыншақ тауы етегіндегі бұлақтардан алып, Көксай ауылы тұсында Есіл өзеніне құяды.<ref>Атамекен Географиялық энциклопедия. Алматы 2011 ISBN 9965-893-70-5</ref>

Гидрологиясы

Ұзындығы 334 км, су жиналатын алабы 19500 км2. Аңғарының ені жоғары бөлігінде 3-5 км, төмендегі ағысында кең, жайпақ келеді, жайылмасы 2 жақты, жоғары бөлігіңде арнасы ирелең. Жауын-шашын суынан толысады.Суы тұщы, сәл кермек - ауыз суға жарамды. Жылдық орташа су шығыны Балталы ауылы тұсында секундына 8,97 м3. Сағасында топырақтан үлкен тоған салынған.Тоған суы - тұщы, жазда шабындық суаруға, елді мекендер мұқтажына пайдаланылады. Өзеннің жоғары және орта өңірі мал жайылымы, шабындық.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Салалары

Терісаққанға жалпы ұзындығы 109 км болатын 25 шағын өзен мен жылғалар құяды. Басты салалары –Майбұлақ, Шолақсай, Талсай, Босағаөзек, Бала Терісаққан, Ащылы, Шабдар, Көкпекті, Қайрақты.

Жағалауындағы елді мекендер

Байжігіт, Балталы, Ковыльное, Матросово, Гагаринский Меңдеш, Шалгай, Молодежное, Целиное, Бектас, Жалғызтал, Терісаққан.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер