Тейлор Свифт

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Музыкант Тейлор Элисон Свифт (Үлгі:Lang-en) — Америкалық әнші, әндер авторы, музыкалық продюсер, актриса және режиссер. Тейлор Свифт 1989 жылдың 13 желтоқсанында Рединг қаласында дүниеге келген. Балалық шағы Вайомиссинг қаласында өтті. 10 жасында Тейлор өз қаласының жергілікті жұлдызы болды. Ол 10 жасында қолына гитара алып, сол уақытта ән жаза бастаған. Нэшвилдің касындағы қалаға көшкен соң, кафелердің алдында тұрып, ән айта бастаған, сөйтіп әйгілі Скот Борчеттің көзіне түскен.

Жетістіктері

2006 жылдың тамызында TimMcGraw синглі шықты. 2006 жылы 4 қазанында шыққан альбомы оған үлкен танымалдық әкелді. Sounds of the Season: The Taylor Swift Holiday Collection альбомы 2007 жылдың 16 қазанында жарық көрді. 2008 жылы Beautiful Eyes мини-альбомы шықты. Оның келесі студиялық альбомы Fearless 2008 жылы 11 қарашада АҚШ-та шықты. Альбом Billboard 200 музыкалық чартында бірінші орынға ие болды. Қазіргі кезде Our song, Fearless, Mean, Back to Decemder, Sparks fly, Ours, You belong with me, Love story деген өлеңдері бар.<ref>Тейлор Свифттің ресми сайты</ref>

Дискография

Студиялық альбомдары

  • Taylor Swift (2006)
  • Fearless (2008)
  • Speak now (2010)
  • Red (2012)
  • 1989 (2014)
  • Reputation (2017)
  • Lover (2019)
  • Folklore (2020)
  • Evermore (2020)
  • Midnights (2022)
  • The Tortured Poets Department (2024)
  • The Life of a Showgirl (2025)

Қайтадан жазылған альбомдары

  • Fearless (Taylor's Version) (2021)
  • Red (Taylor's Version) (2021)
  • Speak now (Taylor's Version) (2023)

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер