Тау жынысының газ ұстағыштығы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Тау жынысының газ ұстағыштығы — тау жынысының еркін және сорбциялау жағдайында оның массалық немесе көлемдік бірлігіне сіңірілген газ мөлшері,(м3/т, м3/м3).Тау жынысының газ ұстағыштығы потенциалды, табиғи және қалдық газ ұстағыш болып бөлінеді. Потенциалды — белгілі термодинамикалық (температура, газ қысымы, қуыстық және т. б.) жағдайдағы газ ұстағыштығы; табиғи — тау жыныстарының қалыпты жағдайдағы газ ұстағыштығы; қалдық — тау жынысының кен қазу. Жұмыстар нәтижесінде жартылай газдан арылғандағы газ қалдығы. <ref> Орысша-қазақша түсіндірме сөздік. (Тау-кен ісі, кен байыту және металлургия салалары бойынша) Жалпы редакциясын басқарған Ә. Бектібаев. Алматы: Ғылым, 1999.ISBN5—628—00001—9 </ref>.
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Суретсіз мақала